Адрес: г. Кокшетау, ул. Абая, 161 «А»
E-mail: kzhb.kokshetau@yandex.kz
inst:kzhb.kokshetau
Приемная: +7 (7162) 76-11-11
Главный врач: +7 (7162) 72-12-93
Регистратура: +7 (7162) 29-47-70
Приемный покой: +7 (7162) 29-34-68
Аптека: +7 (7162) 33-59-19
2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп.
Жалпы ережелер.
1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: «Көкшетау теміржол ауруханасы» ЖШС
2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер саны 30. Көкшетау теміржол ауруханасы 13 қызмет көрсетеді;
2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 164 894 құрады,-- электронды түрде-792 (ЭҮП,); 127 684 (көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде); 36 418 (көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы).
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны;
3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – бұл "дәрігердің қабылдауына жазылу", "Дәрігерді үйге шақыру", "медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу", "еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру", "еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру”.
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат " Көкшетау теміржол ауруханасы " ШЖҚ МКК ресми сайтында орналастырылған http://kzb.akmol.kz/ көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Ұйымның деректер стендінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша орналастырылған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:
Жария талқылау үшін мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер " Көкшетау теміржол ауруханасы " ШЖҚ МКК ресми сайтында орналастырылады, онда әрбір көрсетілетін қызметті алушы есеппен таныса алады және түсініктемелер қалдыра алады.
2024 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 10 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: семинар-кеңестер мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін "Е-GOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:
1) 2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері
- медицина қызметкерлерімен қолданыстағы заңнама нормативтері және Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді ;
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 2024 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес өткізу;
Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жасау;
мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау (пандустар, шақыру тетігі);
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түпкілікті шаралар қабылдау;
халықтың "электрондық үкімет" порталы арқылы танымал әлеуметтік желілер, мерзімді баспа басылымдары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын және уәждемесін күшейтуді қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады.
Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.
Бас дәрігер А.Ф.Нуртдинов