Адрес: г. Кокшетау, ул. Абая, 161 «А»
E-mail: kzhb.kokshetau@yandex.kz
inst:kzhb.kokshetau
Приемная: +7 (7162) 76-11-11
Главный врач: +7 (7162) 72-12-93
Регистратура: +7 (7162) 29-47-70
Приемный покой: +7 (7162) 29-34-68
Аптека: +7 (7162) 33-59-19
2021 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:
2) 2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері
- медицина қызметкерлерімен қолданыстағы заңнама нормативтері және Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді ;
- 5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2022 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 2022 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес өткізу;
Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жасау;
мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау (пандустар, шақыру тетігі);
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түпкілікті шаралар қабылдау;
халықтың "электрондық үкімет" порталы арқылы танымал әлеуметтік желілер, мерзімді баспа басылымдары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын және уәждемесін күшейтуді қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады.
Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.